424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕURO-2020: Роналду бір матчта екі бірдей рекорд орнатты

  • 179
  • UPD: 12:20, 16.06.2021
ЕURO-2020: Роналду бір матчта екі бірдей рекорд орнатты Sportbox

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Еуро-2020 турнирінде бірден екі рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалия құрамасының сапында алаңға шыққан Роналду Еуропаның бес чемпионатында ойнаған тарихтағы бірінші футболшы атанды. 

Ал түндегі мачта Венгрия қақпасына салынған қос доптан кейін Роналду турнирдегі ең мықты бомбардир атанды. Ол Еуродағы 10 және 11-голын салды. Осылайша, форвард құрлықтық жарыста тоғыз гол салған Мишель Платиниден асып түсті. 

Еске салайық, Португалия Еуропа чемпионы атағын қорғауды Венгрияны 3:0 есебімен жеңумен бастады. 

Хабар 24 телеарнасы