«Барселона» мен «Реал» Чемпиондар лигасына қатыса ма – УЕФА жауабы

Каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай шешімді клубтар УЕФА тарапынан алған, деп хабарлайды Fotball Espana. 

Бұған дейін 2021/22 жылғы маусымда Чемпиондар лигасына «Ювентус» командасы да қатысуға мүмкіндік алды. 

Еске салайық, шетелдік басылымдар Суперлиганы құрып, негізін қалағаны үшін «Реал», «Барселона» және «Ювентус» командалары ЧЛ турнирінен шеттетілуі мүмкін деген ақпарат шыққан. Бірақ маусымның басында Италия командасына қатысты тергеу аяқталғаны анықталып, туриндік команда шеттетілмеді. Бұған дейін ондай хатты жоғарыдағы екі команда алған.