Зарина Дияс Британиядағы турнирде матчты жалғастырудан бас тартты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс британиялық Ноттингемдегі турнирді бірінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Дияс бірінші айналымда мексикалық Рената Сарасуамен кездескен. Бірінші сетте Сарасуа 6:3 есебімен жеңді. Кейін екінші сетте мексикалық теннисші 1:0 есебімен алға шыққан, Зарина Дияс матчты жалғастырудан бас тартты.

Сарасуа енді польшалық Катажина Кавамен кездеседі.