УЕФА EURO-2020-дағы ең жылдам футболшыларды атады

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) баспасөз қызметі 2020 жылғы Еуропа чемпионатының ең жылдам бес ойыншысының рейтингін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24» russian.rt.com.

УЕФА-ның Twitter-де жариялаған тізімінде Италия құрамасының қорғаушысы Леонардо Спинаццола (33,8 км/сағ) көш бастады.

Екінші орында Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы Даниэль Джеймс (33,5 км/сағ). Үшінші орында Англия құрамасының шабуылшысы Рахим Стерлинг (33,1 км/сағ).

Швейцария құрамасының шабуылшысы Брил Эмболо (32,8 км/сағ) төртінші болса, Италия құрамасының қорғаушысы Джованни Ди Лоренцо (32,6 км/сағ) үздік бестікті түйіндеді.

Сондай-ақ...