Токио Олимпиадасы: Қазақстандық палуан қыздар соңғы дайындықты пысықтап жатыр

Қазақстандық палуан қыздар Олимпиададан жүлдесіз қайтпайды. Бұл жөнінде Гүзел Манюрова мәлімдеді.

Әйелдер Күресі федерациясы президентінің орынбасары жазғы ойындарға дайындық пен медальдық жоспар жайында пікірімен бөлісті. Айтуынша, өткен Олимпиададағы жетістікті қайталауға тырысады. Қазір қыздар соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Алдағы аптада Нұр-Сұлтанда, одан кейін Алматыда жаттығу жиындарын өткізбек. Одан әрі Токиоға аттанады.

Айта кетейік, әйелдер күресі бойынша 3 лицензиямыз бар. Ал, Рио Олимпиадасында 4 қызымыз күресіп, 3 медальмен оралған болатын.

Гүзел Манюрова, ҚР Әйелдер күресі федерациясы президентінің орынбасары:

- Олимпиадаға аттанатын қыздар жуырда ғана халықаралық жарыстар оралды. Ұлттық құрама 3 қола жүлде жеңіп алды. Бұл өте жақсы нәтиже. Әсіресе, Олимпиада алдында бабымызды бір байқап алдық. Енді бірер жаттығу жиынын өткізіп, Олимпиадаға аттанамыз. Қыздар вакцина жасатты. Олардың денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің жіті назарымызда болады.