Америка кубогы: Бразилия кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан уақытымен 18 маусымда таңертең 2021 жылғы Америка кубогының В тобындағы екі матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гонианияда Колумбия мен Венесуэла құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады. Колумбиялықтар алғаш рет ұпай жоғалтса, Венесуэла чемпионатта тұңғыш рет ұпай еншіледі. 

Колумбия – Венесуэла 0:0

Бразилия құрамасы Рио-де-Жанейро қаласында Перумен кездесті. Жарыс қожайындары қарсыласын 4:0 есебімен ұтты. 

Бразилия – Перу 4:0