Серхио Рамос: «Барселона» жейдесін ешқашан кимеймін

Әлемнің ең үздік қорғаушыларының бірі Серхио Рамостың корольдік клубтан кеткені жайлы осыған дейін жариялағанбыз.

Футболдағы карьерасында «бланкоспен» бірге 16 жыл ішінде 22 кубокті басына көтерген аңыз ойыншы шілде айының 30 жұлдызынан бастап еркін агент атанады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы уақыт аралығында басқа клубқа ауысу туралы ойыма келмеген. Спорттық мансабымды тек «Реалмен» байланыстыратынмын. Алайда келісімшарттың аяқталуына орай клубтан кетуге тура келді. Мадридтік ұжымнан бөлек, «Севилья» сапында да жақсы өнер көрсеттім. Дегенмен ол клубқа оралмаймын. «Барселонаға» тоқталсам, ол команданың жейдесін ешқашан кимеймін», – деді футболшы.

Сондай-ақ...