УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетінен кейін мәлімдеме жасады

Баспасөз мәслихатында үстелге қойылған бөтелкелерге тиісуге болмайды.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы осындай талап шығарды. Оған бірер күн бұрынғы Криштану Роналдудың әрекеті түрткі болды. Португалиялық шабуылшы алдында тұрған сусынды сырып тастағаннан кейін Coca-Cola акциясы 1,6 процентке төмендеп, компания 4 миллиард доллар жоғалтты.

Артынша осы жағдайды Поль Погба мен Мануэль Лака-телли де қайталады. «Демеушілердің табысы дәл осы турнир үшін және жалпы еуропалық футбол үшін аса маңызды. Сондықтан, қос тарап арасындағы келісімді орындауымыз қажет», – деді Еуро-2020 бәсекесінің директоры. Бірақ, УЕФА осыған бола футболшыларға айыппұл салмайтынын да алға тартты.