Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2025 жылы әлем біріншілігін қабылдайтын қалаларды жариялады, деп жазады Olympic.kz.
Әлемдік дода Швецияның Стокгольм және Данияның Хернинг қалаларында өтеді.
Стокгольмда бір топтың кездесулері, екі ширек финалдық матч, жартылай финал кездесулері, үшінші орын үшін талас және финалдық бәсеке өтеді.
Хернингте екінші топ кездесулері мен екі ширек финалдық матч ұйымдастырылады.
Айта кетелік, 2022 жылғы әлемдік доданы Финляндия, 2023 жылғы біріншілікті Ресей, 2024 жылғы чемпионатты Чехия қабылдайды.