EURO-2020 турнирінің финалы өтетін қала ауысуы мүмкін

Негізі финал Лондонда өту керек болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуро-2020 турнирінің финалдық ойыны Лодонда емес, Будапешт қаласында өтуі мүмкін.

УЕФА мұндай шешімді Англия стадионға жанкүйерлерді толық кіргізуге рұқсат бермеген жағдайда қабылдайды. Қазіргі уақытта Будапешт жанкүйерлерді толық кіргізуге дайын. Дереккөздің ақпараты бойынша, УЕФА бұл ақпаратты Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға айтқан. Енді жауап күтіп отыр.

Еске салайық, Еуро-2020 турнирі өткен жылы өтуі керек болатын. Бірақ пандемияға байланысты турнир 2021 жылға қалдырылды. Ойындар 11 маусым мен 11 шілде аралығында Еуропаның бірнеше қаласында өтіп жатыр.