СҚО-да велоспорттан ел біріншілігі басталды

Солтүстік Қазақстан облысында велоспорттан ел біріншілігі өз жалауын көтерді.

Бір аптаға созылатын додаға сайдың тасындай іріктелген 150 спортшы қатысып жатыр. Олар 4 турнир бойынша бақ сынасады: ерлер, әйелдер, жасөсіпірімдер арасында және соңғысы командалық сайыс. Байрақты бәсекеден параолимпиада ойындарының мүшелері де шет қалған жоқ. 

Арман Қамышев, веложарыс директоры:

- Жарысқа жасөспірімдермен қатар кәсіби спортшылар да қатысып жатыр. Былайша айтқанда, еліміздің үздік деген велошабандоздары жиналған. Олар Қазақстанның чемпионы атағына таласады.