Алматыда аралас жекпе-жектен «EFC» лигасының 37-турниры өтті

Алматыда аралас жекпе-жектен «Eagle Fighting Champiomship» лигасының 37-турниры өтті.

Халықаралық додаға жеңіл салмақтағы UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов арнайы келді. Жалпы туринирге Бразилия, Ресей, Қырғызстан және еліміздің ережесіз жекпе-жек шеберлері қатысты. Шаршы алаңға шыққан жерлестеріміз Дияр Нұрқожа, Санжар Әділов пен Жасұлан Әлімжан қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Ал кештің басты кездесуі 47 жекпе-жек өткізіп, 39 рет жеңіске жеткен ресейлік Шамиль Завуров пен кәсіпқой спортта 30 кездесудің 22-сін жеңіспен аяқтаған бразилиялық Рикардо Тирлони арасында өтті. Бұл төбелесте Завуровтың мерейі үстем болды. 

Санжар Әділов, турнир чемпионы:

- Барлығы өзім жоспарлағандай болды. Бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Бапкерлердің айтқанын орындадым. Команданың сенімін ақтадым деп ойлаймын.