«Ақтөбе» ФК клубтың ақшасы таусылғанын жоққа шығарды

Желіде «Ақтөбе» футбол клубының бюджеті таусылғаны туралы ақпарат тараған. Клуб бұл ақпарат жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz 

«2021 жылғы 18 маусымда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде «Ақтөбе» ФК-ның ақшасы таусылғаны» туралы және «енді клуб басшылығы футболшыларға маусым айына не төлейтінін білмейді» деген жалған ақпарат жарияланды.

Осыған байланысты «Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде бұл ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық барын, тіпті бас бостандығынан айыруға дейін жазаланатынын ескертеміз. Құрметті жанкүйерлер, біздің клубтың ресми дерек көздеріне ғана сенуіңізді сұраймыз», – делінген клубтың баспасөз қызметінің хабарламасында.