423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы өтті

  • 187
  • UPD: 22:17, 19.06.2021
Алматыда жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы өтті

Жарысқа бірнеше елден 150 ден аса спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында Иран, Нидерланд, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттер бар.

Айта кетейік, Ғұсман Қосанов 1960 жылы өткен Рим олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол Еуропа чемпионы, КСРО чемпионатының күмiс жүлдегерi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы. Тіпті, жеңiл атлетикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Қосанов мемориалында 100 метрлік жарыстың мәртебесі әу бастан жоғары. Себебі 60-жылдары дәл осы қашықтықта Ғұсман Қосановтың өзі өнер көрсетіп, жай оғындай жарқыраған. Бұл жолы 100 метрге жүгіруден жерлесіміз әйелдер арасында Ольга Сафронаваға ал, ерлерден Виталий Земске тең келер ешкім болмады. Екеуі де алтын медаль иеленді. Спортшылардың айтуынша, бұл –мемориал біліктіктілік кезеңі. Яғни жеңіл атлеттер үшін алдағы Токио олимпиадасына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік береді.

Дмитрий Карпов, ҚР Жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Бұл жарыста лицензия сарапқа салынады. Бізде қазір 9 лицензия бар. Осы додадан тағы бірнешеуін иемденсек деп жоспарлап отырмыз. Алда тағы екі спорттық шара өтеді. Оның бірі өз елімізде, екіншісі Ташкентте болады. Ал Ольга Рыпаковаға келер болсақ, ол сайысқа ертең шығады.

 

Хабар 24 телеарнасы