Алматыда жартылай марафон өтті

Жарысқа 4 мыңға жуық адам қатысты. Жиылған көпшіліктің алды 21, тағы бір бөлігі 10 шақырымдық қашықтықта жүгіріп, бақ сынады.

Жартылай марафон жарысын жүгіруді күнделікті дағдыға айналдырған қала тұрғындары асыға күткені анық. Пандемияға бйланысты Алматыда бір жылдан астам уақыт ауқымды спорттық шаралар өткізілмеген. Жүгірушілер арасында қариялардың да болғаны қуантады. «Жарысты жеңу мақсат емес. Ең бастысы, елмен бірге жүгіріп, спортты насихаттау» дейді тұрғындар.

Бауыржан Серікұлы, жарысқа қатысушы:

- Өмірімізде бірінші рет марафон жүгіріп жатырмыз. Бәрі ойдағыдай өтті. Аллаға шүкір. Өзіміздің компаниямыздың атынан әріптес, серіктестермен бірге жүгірдік. Бәрі ойдағыдай өтті. Енді бірінші келе алмадық. Алғашқы жүздікке іліндік деймін осы.

Спорттық шара барысында 4 шақырымдық скандинавиялық жүріс те өткізілді. Кейінгі жылдары Алматыда қолына таяқ ұстап, жаяу жүрушілердің қатары артып келеді.

Ғалым Молдақожанов, жарысқа қатысушы:

- Марафон жақсы деңгейде өтті. Қаншама халық денсаулығына байланысты жүгіріп жүр. Қандай спорт болсын адамды достыққа шақырады әрқашан да. 

Жартылай марафонға қатысқан барлық жандар мойныдарына медаль тақты. «Ең бастысы, енжарлықты жеңіп, ерік-жігерді шыңдау үшін жүгіру керек» дейді спортшылар. 

Алмас Садуақас, Радик Жақыпов

Сондай-ақ...