424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕУРО-2020: Түркия Швейцариядан да жеңілді

  • 130
  • UPD: 11:35, 21.06.2021
ЕУРО-2020: Түркия Швейцариядан да жеңілді

«Еуро-2020» футбол додасының үшінші кезеңі аясындағы алғашқы екі матч бір уақытта өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рим қаласында Италия Уэльс құрамасымен ойнап, 1-0 есебімен басым түсті. Жалғыз голдың авторы Маттео Пессина 39-шы минутта есеп ашты. Ал Әзербайжан астанасы Бакуде өткен матчта швейцариялықтар түріктерді 3-1 есебімен жеңді. Қос құрама арасындағы ойын тең дәрежеде өткенімен, швейцариялықтар мүмкіндікті ұтымды пайдалана білді. А тобында үштікке ілінген Швейцарияның турнирдегі тағдыры алдағы матчтардан кейін белгілі болады. Ал Түркия құрамасы бірде бір матчты жеңе алмай, биылғы чемпионатпен қош айтысты.

Хабар 24 телеарнасы