Мұхаммед Әлидің немересі кәсіби рингке шығуға бел буды

Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш 14 тамызда кәсіби рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Top Rank компаниясы Уолштың жұдырықтасуын Эндрю Молонидің Джошуа Франкоға қарсы жекпе-жегінің андеркардында өткізеді. Top Rank басшысы Боб Арум промоутерлік мансабындағы алғашқы жекпе-жекті Мұхаммед Әли үшін 1966 жылы ұйымдастырған. «Атам менің промоутерлікке Боб Арумнан басқа ешкімді қаламағанын нақты білемін. Сіздер Дон Кингтің менің атаммен және Майк Тайсонмен қалай араласқанын көрдіңіздер, бокста көп адамға сене беруге болмайды, ал Боб Арум болса – тек бокста емес, жалпы алғанда, бизнесте беделге ие адам. Мен әрқашан Top Rank-тің бір бөлігі болғым келген. Бұл – мен үшін үлкен құрмет», – деді Уолш.