Қазақстандық теннисшілер ATP рейтингінде бір сатыға төмендеді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында серб Новак Джокович тұр. Сондай-ақ, үздік үштікті Даниил Медведев (Ресей) пен Рафаэль Надаль (Испания) келеді.

Қазақстандықтар сапында үздік нәтиже Александр Бубликте, ол 39-орында тұр. Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко бір сатыға төмендеді, қазір, тиісінше, 106 және 187-сатыда.