Токио Олимпиадасы шетелдік жанкүйерлерсіз өтеді

Токио Олимпиадасына қатысатын спортшыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ковид жұқтырған алғашқы олимпиадашы.

Оның Уганда құрамасының боксшысы екені белгілі болды. Сапарға шығар алдында 9 спортшы AstraZeneca вакцинасын егіп, ПТР-тест тапсырған екен. Бірақ кейін дерт анықталған.

Естеріңізге салайық, Жапониядағы Олимпиада ойындары өткен жылы өтуі керекеді. Пандемияның салдарынан шара бір жылға шегерілген. Енді ойын шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтуге тиіс. Ұйымдастырушылар доданы шетелдік жанкүйерлерсіз өткізеді.