Ұлыбританияда қазақстандық парадзюдошылар үш медаль жеңіп алды

Ұлыбританияда парадзюдодан IBSA Гран-при жарысы өтті. Жарыста Қазақстан тарапынан 12 спортшы ел намысын қорғап, 3 медаль иеленді, деп хабарлайды prosports.kz.

Аманжол Жанбота 90 кг дейінгі салмақта күресіп, күміс алқаны иемденді. Смағұлов Ғалымжан 81 кг дейінгі салмақта қола алды. Онымен қоса, қыздар арасында 51 кг дейінгі салмақта күресіп жүрген Федосова Даяна жарыста өз шеберлігін дәлелдеп, қола жүлдеге ие болды.

Жақын уақытта дзюдоның төрешілері осыған дейін өткен жарыстардың нәтижесін қосып, Токио 2020 паралимпиадалық ойындарына жолдама иегерлерін аңықтайды.

Сондай-ақ...