424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық таэквондошылар рейтингілік турнирде топ жарды

  • 151
  • UPD: 10:31, 22.06.2021
Қазақстандық таэквондошылар рейтингілік турнирде топ жарды

Азия чемпионаты аяқталысымен дәл осы спорт түрінен тағы бір халықаралық жарыс өтті.

Бейрут қаласындағы бәсекеде қазақстандық Самирхон Абубакиров қарсылас шақ келтірмей, 54 келіге дейінгілер арасында жеңімпаз атанды. Қыздар арасында дәл осындай жетістікке Ақсәуле Ерқасымова  жетті. Ол 73 келіден жоғарғылар арасында сынға түскен. Бұған қоса қоржынымызда 4 күміс пен 3 қола жүлде бар. Айта кетейік, корей жекпе-жегі бойынша қазір қос лицензиямыз бар. Токиодағы байрақты бәсекеде ел намысын Жансель Дениз мен Руслан Жапаров қорғайды және олардың қатары осы рейтингтегі ұпай нәтижесі бойынша толығуы мүмкін. Олимпиадаға аттанатындардың нақты тізімі 1 шілдеде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы