Алан Құрманғалиев халықаралық үстел теннисі федерациясының стипендианты атанды

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесе отырып, With the Future in Mind бағдарламасы бойынша 2021 жылғы стипендиаттар тізімін жариялады. 

Тізімге енгендер қатарында Токио Олимпиадасына жолдама алған және болашағынан үміт күттіретін спортшылар бар, деп хабарлады olympic.kz. Қазақстан сапынан Алан Құрманғалиев енгізілді. 

Айта кетелік, аталған бағдарлама әлемдегі талантты спортшылардың ынтасын одан әрі бағыттауға арналған.