«Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы қайтыс болды

КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы және футболдан спорт шебері Сергей Шапошников 98 жасында қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Жаттықтырушы өлімнің себебі айтылған жоқ.

Шапошников 1966-1967, 1979, 1983 және 1987-1988 жылдары ЦСКА-ның бас бапкері болды. Маман сонымен бірге СКА (1961-1965), «Черноморец» (1968-1970), «Нистру» (1972), «Қайрат» (1972) және «Таврия» (1974-1977) клубтарын тізгіндеген.

Шапошников ЦСКА спорттық ардагерлер кеңесінің мүшесі болған.