Қазақстандық каратэшілер жылдың басты бәсекесіне дайындықты бастады

Киокушин және шинкиокушин шеберлері алдағы айда әлем кубогына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болгарияда өтетін бәсекеге бас-аяғы 63 спортшы аттанады деп жоспарланып отыр. Олар қазір соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Жарыс ережесі бойынша әр салмақта бір елдің 3 өкілі өнер көрсете алады. Санитарлық талаптар қатаң. Көрерменгдер кіргізілмейді.

Айта кетейік, қалыптасқан жағдайға байланысты бұл бәсеке өткен жылы болмады.

Азамат Хамзин, Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы:

- Әлем Кубогы... Былай атқсақ негізі басты бәсеке әлем чемпионаты. Бірақ карантинге байланысты әлем чемпионаты биыл өтпейді. 2022 жылға ауыстырылды. Сондықтан біз үшін басты жарыс осы.