424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

  • 152
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Лас-Вегасқа барды. 26 маусым күні осы қалада Жәнібек бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Лас-Вегастамыз. Сенбі Лас-Вегаста үлкен жаңалық болады және оны бүкіл әлем естиді. Вегаста болған жағдай, Вегаста ғана қалмау керек. Мен қазақша стилімді көрсетемін», - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде. 

Әлімханұлы - Брант айқасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) кездесуінің андеркардында өтеді. Қазақстан уақытымен ол 27 маусым таңертең болады. Трансляцияның басталуы – 08:00. 

Хабар 24 телеарнасы