Елена Рыбакина халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Теннистен WTA-500 кезеңі аясында Истборн қаласында халықаралық турнир жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жарыста қазақстандық Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына шықты.

Екінші айналымдағы кездесуде Рыбакина Элина Свитолинаны (Украина) 6: 4, 7: 6 (7: 3) есебімен жеңді.

Жарыстың жартылай финалына шығу үшін Рыбакина Латвия өкілі Анастасия Севастовамен кездесу өткізеді.