loader


ЕУРО-2020: Испания Словакияның тас-талқанын шығарды

Топтық кезеңнің соңғы матчтары өтіп, плей-оффқа шыққан барлық команда белгілі болды.

Футболдан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні «Е» және «Ф» тобындағы шешуші ойындар өтті. Оның аясында Швеция Польша құрамасымен жолығып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал Испания Словакияны айқын басымдықпен ұтты. Сивилья қаласында өткен мачта Аймерик Лапорт дубльдің, ал Юрай Куцка автогол авторы атанды. Пабло Сарабия мен Ферран Торрес бір-бір голдан соқты. Осылайша «Е» тобында Швеция мен Испания келесі кезеңге өтті. Артынша дәл осылай «Ф» тобындағы үздіктер анықталды. Әсіресе, Франция мен Португалия арасындағы матч тартысқа толы болды. Криштиану Роналду мен Карим Бензема қос голдан соқты. Қорытынды есеп: 2:2. Дәл осындай нәтиже Германия мен Венгрия кездесуінде тіркелді. Осылайша, Франция мен Германия өз тобының алғашқы сатыларына жайғасып, плей-оффқа шықты. Ал, Португалия үшінші орын алған құрамалар арасында үздік деп танылып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Енді плей-оффқа шыққан 16 команда 26-шы маусымнан бастап ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Ең бірінші Нидерландыда Уэльс пен Дания құрамалары жолығады. Ал, плей-офф аясындағы соңғы матч 29-шы маусымда өтеді деп жоспарланып отыр. Глазго қаласында Швеция мен Украина кездеседі.

ОЛИМПИАДА КҮНІ ЭСТАФЕТАСЫ

Халықаралық Олимпиада күні елімізде ерекше нақышта алатып өтті. Құзырлы комитет бірер апта бұрын арнайы эстафетаны бастаған болатын. Алғаш болып оны Солтүстік Қазақстан қолдады. Бұнда кәсіпқой және әуесқой спортшылардың басын қосқан велошеру өтті. Артынша эстафетаны Алматы іліп әкетіп, құзға өрмелеу шеберлері арасында жарыс жасады. Еліміздің түкпір-түкпірінде өткен спорттық шаралар елордада қорытындыланды. Бұнда көше спорттарының фестивалі болды. Оның аясында стритбол, стритворкаут сияқты бағыттар кеңінен насихаталды. Бұған қоса, үстел теннисінен олимпиада жолдамасын жеңіп алған Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова шеберлік сабағын өткізді. Айта кетейік, халықаралық олимпиада күнін бүкіл әлем 23-ші маусымда атап өтеді.

ЕЛОРДАДА ГОЛБОЛ ШЕБЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Елімізде тағы бір паралимпиадалық бағыт пайда болып, кеңінен дамып жатыр. Көзінде ақауы бар жандар командаға топтасып, Қазақстан Кубогын сарапқа салды. Биылғы бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 6 құрама жиналды. Жарыс нәтижесінде ұлттық құрама жасақталды. Енді олар алдағыхалықаралық  жарыстарға дайындалады. Айта кетейік, ел кубогы осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі бәсекеге 4 команда қатысқан еді. Қазақстан құрамасы Токиодағы паралимпиадаға тиісті ұпай жинай алмады. Бірақ, одан кейінгі, яғни, 2024 жылғы жазғы ойындарға қатысамыз деп мақсат қойып отыр.