424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бензема Еуропа чемпионатында Зиданның рекордын бұзды

  • 141
  • UPD: 13:40, 24.06.2021
Бензема Еуропа чемпионатында Зиданның рекордын бұзды Sportbox

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема Еуро-2020 турнирінің топтық кезеңі Португалияға қарсы үшінші тур матчында дубль жасаған еді, деп хабарлайды vesti.kz.

Opta мәліметінше, «Реал» форварды 33 жас 186 күнде Еуропа немесе әлем чемпионатының финалдық турнирінде бір голдан артық доп салған жасы ең үлкен франциялық болып отыр. Осылайша, Бензема 2004 жылғы Еуропа чемпионатында Англиямен матчте (2:1) дубль жасаған Зинедин Зиданнан асып түсіпті, ол кезде қазіргі бапкерге 31 жас 356 күн болған. 

Бензема Франция құрамасында 2007 жылдан ойнай бастады, содан бері командамен 86 ойынға қатысып, 29 гол салған және 19 нәтижелі пас берген.

Франция құрамасы Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалына шығып, келесі матчта Швейцариямен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы