424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Винокуров «Астана» велокомандасынан өз еркімен кетті ме?

  • 185
  • UPD: 10:16, 25.06.2021
Винокуров «Астана» велокомандасынан өз еркімен кетті ме?

Қазақстандық клубтың бас менеджері қызметінен босағаны туралы ақпарат Францияның спорттық басылымында жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, бұл жағдайға Олимпиада чемпионы мен басшылық арасындағы кикілжің себеп. Өйткені соңғы айларда келіспеушілік жиі болған. Әсіресе Александр Винокуровқа командадағы спорттық директорлардың жұмыстан қуылғаны ұнамады. «Өз еркімен кетті» деген нұсқаны Винокуров та жоққа шығарды. Енді ол адвокатымен ақылдасып, қызметінде қалуға қатысты қадамдар жасаймын деп отыр. 

Айта кетейік, Винокуров «Астана» командасын бірнеше жылдан бері басқарып келді. Әсіресе көпшілікті оның Тур де Франс бәсекесінің алдында кеткені қынжылтып отыр. Әлемдік аламан ертең басталады.

Хабар 24 телеарнасы