Олимпиадаға бармайтын балуан қыздарымыз Түркияда бозкілемге шығады

14 спортшы ел намысын қорғайды. Түркияда әйелдер күресінен халықаралық жарыс өтеді.

«Яшар Догу» бәсекесінде олимпиадаға бармайтын ұлттық құрама мүшелері бағын сынамақ.

Бозкілемге Аяулым Касымова, Эмма Тисина, Диана Каюмова, Жамила Бақбергенова сияқты спортшылар шығады. Олар қазір соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Ұлттық құрама мүшелерінің негізгі мақсаты Олимпиадаға баратын қыздармен тәжірибе алмасып, олардың әзірлігіне көмектесу. Одан кейін, яғни жазғы ойындардан кейін 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Сонда жоғары нәтиже көрсетуді көздеп отыр.