Елена Рыбакина Истборнда жартылай финалға өтті

Елена Рыбакина Истборнда өтіп жатқан турнирдің ¼ финалынан сүрінбей өтті.

Ол латвиялық Анастасия Севастовадан басым түскен деп жазады Olympic.kz. 

Кездесу үш сетке созылып, Рыбакина 2:6, 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. 

«Бұл драмаға толы матч болды. Кездесуде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жалпы алғанда ойын өте жоғары деңгейде өтті. Жартылай финалға жеткеніме ризамын», - дейді Рыбакина. 

Мач 2 сағат 32 минутқа созылған. Жартылай финалда Елена тағы бір латвиялық спортшы Елена Остапенкомен кездеседі.