Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан, министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады. Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі.

Винокуров «Астана» велокомандасынан өз еркімен кетті ме?