Су добынан ел құрамасы әлемдік ерлер лигасының финалында бақ сынайды

Бүгін Тбилисиде су добынан ерлер әлемдік лигасының суперфиналы өтеді.

Турнирге Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық су добының шеберлері Жапония, Грузия және Италия командаларымен бірге А тобына түсті.

В тобына Черногория, АҚШ, Греция және Франция командалары енген. Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Италия командасымен кездеседі.

Ойын Нұр-сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.