424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ұлттық ат спорты түрлерінің кезекті маусымы ашылды

  • 170
  • UPD: 15:24, 26.06.2021
Елордада ұлттық ат спорты түрлерінің кезекті маусымы ашылды

Соның аясында тұңғыш рет Көкпар федерациясының кубогы ойнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүбірлі дода бүгін қала іргесіндегі Қазанат атшабарында басталды.

Байрақты бәскеге  барлық өңірінен 13 команда келген. Тақымы мықты шабандоздар топтық ойында іріктеледі. Ал финалдық тартыс 5 шілдеге жоспарланған. Жарыстың жүлде қоры 12 миллион теңге. Турнирді өткізуге ұлттық спортқа жанашыр жомарт азаматтар демеу болған.

Айта кету керек, ойынды тамашалуға келгендер алаңға ашық қосымшасы арқылы кіргізіледі.

Рахат Жақсыбай, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры:

- Осы жарыстың соңында біздің жұлдыздарымыздың, өнер өкілдерінің «Өнер көкпары» дейтін сайысы болады. Елге белгілі есімі таныс азаматтар осы көкпардың алаңында шаңын шығарып, додаға түседі. Бұл мына шілде айында 2-4-і арасында өтеді. Сондай-ақ 5 шілде күні бәйгенің жеті түрінен осы жерде республикалық турнир өтеді. Қазақстанның ең үздік дүлділдері мен жүйріктері бас қосып, кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы