Әділбек Мусин баттерфляй бойынша 100 м қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты

Бұл күндері Қазақстан құрамасы Италияның Рим қаласында жүзуден іріктеу жарысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың бірінші күні 100 м баттерфляйда Әділбек Мусин 2019 жылы Кванджуда (Корея) өткен әлем чемпионатында орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты. Ол тиісті қашықтықты 0:52,40 уақытта бағындырды. Бұл алдыңғы рекордтан 6 секунд жылдамырақ. 

Олимпиада ойындарына жолдама беретін "А" санатындағы нормативті орындауға Әділбек Мусинге 44 секунд жетпей қалды. 

100 м қашықтықта брасс бойынша қатысқан өнер Дмитрий Баландин 1:00,72 секунд нәтижесін тіркеді. 

Александр Варакин еркін стильде 50 м қашықтықты 0:22,60 уақытта жүзіп өтті.

Сондай-ақ...