Жәнібек Әлімханұлы BoxRec рейтингінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) профи-рингте өзінің оныншы жеңісіне жеткен соң әлем рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, орта салмақтағы әлемнің бұрынғы «тұрақты» WBA чемпионы америкалық Роб Брантамен (26-2, 18 КО) кездесті.

Жекпе-жек он раундқа есептеліп, Әлімханұлының жеңісімен аяқталды. Брант тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Алтыншы раундта америкалық бір нокдаунға түсіп алды.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы оныншы рет жеңіске жетті, ал Роб Брант үшінші жеңілісіне ұшырады. 

Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 13 орынға жоғарылап, орта салмақта үздік ондыққа кірді. Ал оның қарсыласы Роб Брат 15 саты төмендеп, 25 орынға тұрақтады.

Орта салмақтың көшін Джермалл Чарло бастап тұр. Екінші орында Геннадий Головкин жайғасқан. Үштікті Деметриус Андраде түйіндейді.

Сондай-ақ...