Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы Серена Уильямс Токиоға бармайды

«Үлкен дулыға» жарысының 23 дүркін иегері Серена Уильямс Токио Олимпиадасына қатыспайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

«Қатысатындар тізімінде жоқпын. Болған күннің өзінде қатыспауым керек», - деді теннисші «Уимблдон» турнирінің алдында өткен баспасөз мәслихатында.

Серена Олимпиада ойындарының төрт дүркін жеңімпазы атанған. Ол жеке сында бір мәрте және жұптық сында үш рет жеңіске жеткен.