Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы аяқталды

Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы додасы өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Екі күнге созылған жарысқа еліміздің бар аймағынан спортшылар қатысты.

Соңғы финалдық кезең 200 және 800 метрге жарысудан өтіп, жеңімпаздар анықталды.

200 метрге жарысудан Ольга Сафронова чемпион атанды. Ерлер арасында Виталий Земс топ жарды.

800 метрлік сында Алена Золина мен Сергей Сухов жеңіске жеткен.