ЕURO 2020: ширек финалға шыққан алғашқы командалар белгілі болды

Ширек финалға шыққан алғашқы командалар белгілі болды. Футболдан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр.

Өткен демалыс күндері плей-офф кезеңінің матчтары болды. Соның аясында Уэльс Дания құрамасын ұтса, Италия Австрия командасынан басым түсті. Күтпеген нәтиже Нидерланд пен Чехия арасындағы кездесуде тіркелді. Чехтар сапынан Томаш Голеш пен Патрик Шик мергендігімен көзге түсіп, қарсыластарын жарыс жолынан шығарып тастады. Ал 2016 жылғы Еуропа чемпионы Португалия Бельгияға есе жіберді. Жалғыз голды 42-минутта Торган Азар соқты. Сонымен ширек финалда Бельгия Италиямен, ал Чехия Даниямен жолығатын болды. Бұл матчтар 3 шілдеде өтеді деп жоспарланып отыр. Ал плей-офф кезеңінін қалған ойындары бүгін және ертең ұйымдастырылады. Ала доп аламанының жалпы қорытындысы 11 шілдеде белгілі болады.