«Тур де Франс» кезеңі: Нидерланд велошабандозы топ жарды

Алексей Луценко мәреге он алтыншы болып жетті. Әлемнің ең үздік шабандоздары Францияда жарысып жатыр.

«Тур де Франс» бәсекесінің екінші кезеңі 183 шақырымға созылды. Нәтижесінде нидерландтық Матье ван дер Пул топ жарды.

Үздік үштікті Словенияның қос спортшысы түйіндеді. «Астана» сапынан ең тәуір көрсеткішке Алексей Луценко қол жеткізді. Ал оның командаластары Йон Исагирре 29, Якоб Фульсанг 31, ал Алекс Аранбуру 36-сатыларға тұрақтады. Жалпы есепте де Луценконың деңгейі жақсы. Ол қазір 12-орында тұр. Айта кетейік, биылғы жарыс 18 шілдеге дейін жалғасады. Осы аралықта 200-ге жуық спортшы 3400 шақырымды жүріп өтуі керек.

Сондай-ақ...