Жәнібек Әлімханұлы рейтингте жоғарылады

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) vRINGe.com журналының рейтингінде жоғарылады, деп хабарлады Prosports.kz.

Әлімханұлы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін орта салмақ рейтингінде ТОП-10 тізіміне еніп, жетінші орынға тұрақтады. Ал кездесу алдында тоғызыншы орында болған Брант ТОП-10 тізімінен шығып қалды.

Дивизионда көш бастап тұрған тағы бір қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО).