Алматы облысында стенд атудан Қазақстан кубогі өтіп жатыр

Алматы облысында А.Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Турнирге еліміздің 8 аймағынан 100 спортшы қатысуда деп жазады Olympic.kz. 

Кубоктік додада Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Алматы облысы, Павлодар, Маңғыстау облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысынан спортшылар бақ сынауда. 

Алғашқы жүлделер жиынтығын «трап» және «скит» бағдарламалары бойынша әйелдер сарапқа салды. 

Турнир 1 шілде күні мәресіне жетеді.