Пілдің болжамы: Германия құрамасы Англияны жеңеді

Еуро-2020 аясында Германия мен Англия құрамалары арасында өтетін матч неміс командасының жеңісімен аяқталады.

Гамбург зообағында мекендейтін піл осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендер пілдің таңдауына таңырқай қарағанымен, бұған дейін оның 3 болжамы да орындалған болатын. Адамдар оған екі құраманың бірінің туын таңдауды ұсынады. Нәтижесінде ұзынтұмсықты жануар жәшік ішінен неміс туын көтереді. Айта кетейік, аталған екі команда арасындағы кездесу бүгін Лондондағы Уэмбли стадионында өтеді.