Сәбит Жүсіпов кәсіпқой жекпе-жекке соңғы дайындығын пысықтап жатыр

Қазақстандық Сәбит Жүсіпов келесі кездесуін Бішкекте өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпқой жекпе-жек кеші 3 тамызға жоспарланған. Оның қарсыласына қатысты әзірге ақпарат жоқ. Белгілісі, Сәбит ЕФС аясында октагонға шығады. Жартылай жеңіл салмақтағы жерлесіміз қазір елордада соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Ол жуырда ғана панкратионнан ел чемпионатына қатысып, топ жарған болатын. Ал, аралас жекпе-жек кештеріне қатыспағанына жылға жуықтапты. «Соған қарамастан, қалған бір айдың ішінде бабыма келіп үлгердім», дейді.

Айта кетейік, Сәбит кәсіпқой жекпе-жек кештерінде бұған дейін 13 рет өнер көрсетіп, 10-ын айқын басымдықпен аяқтады.