Д.Баландин жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирінде төртінші орын иеленді

Италияның Рим қаласында жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті.

Olympic.kz үшінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады. 

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин төртінші орын иеленді. Оның нәтижесі 02:10.6. 

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 13-орын алды. Мусиннің көрсеткіші 24.02. 

Аталған турнирде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын орнатты. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өз рекордына түзету енгізді.