EURO 2020: ширек финалда ойнайтын барлық команда анықталды

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалына шыққан барлық командалар белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалға соңғы жолдаманы Украина жеңіп алды, түндегі ойында укариналықтар Швеция құрамасын 2:1 есебімен ұтты. 

Еуро-2020 жартылай финалына шығу үшін Украина құрамасы Англиямен ойнайды.

Осылайша, ширек финалдағы жұп командалар мынадай:

Швейцария - Испания (Газпром Арена, (Санкт-Петербург) 2 шілде);

Бельгия - Италия (Альянц-Арена, (Мюнхен, Германия) 2 шілде);

Чехия - Дания (Олимпийский, (Баку, Әзірбайжан) 3 шілде);

Англия - Украина (Олимпико, (Рим, Италия) 3 шілде).