424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио Олимпиадасында Қазақстан бірде-бір эстафетаға қатыспайды

  • 187
  • UPD: 14:48, 30.06.2021
Токио Олимпиадасында Қазақстан бірде-бір эстафетаға қатыспайды Prosports.kz

Жеңіл атлетика мен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталды, онда Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыстарда лицензия жеңіп алуға тырысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жүзушілер Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай 4х100 м аралас эстафетасында Токиоға жолдама алуға үміткер болған, бірақ қажетті уақытты көрсетудің жалғыз мүмкіндігін Қазан қаласында өткен Ресей ашық чемпионатында жоғалтып алды. Сөйтіп, жүзуден үздік 16 құрама қатарына ене алмадық, дегенмен ел тарихында бірінші рет мұндай мүмкіндік туған еді.

Өкінішке қарай, дәл осындай жағдай жеңіл атлетикада болды. 4х100 м эстафетасында ерлер құрамасы 39,70 секунд нәтижесімен 46-орынға ғана тұрақтады. 4х400 м эстафетасында да үздік 16 ел қатарына қосыла алмадық. 3:20.73 нәтижесімен 34-орын алдық. 

Әйелдер арасында қазақстандықтар 4х100 м эстафетасында жолдамаға жақын болды, дегенмен 43.36 нәтижесімен 19-орын алған отандастарымыздың алдын Бразилия орап кетті. 

4х400 м аралас эстафетасында 34-сатыға тұрақтадық - 3:20.73. Соңғы квотаны нигериялықтар алып кетті - 3:14.09.

Айта кетейік, төрт жыл бұрын Рио Олимпиадасында әйелдер 4х100 м эстафетасында Қазақстан намысын қорғаған болатын.

Командалық спортқа келер болсақ, Қазақстан бұл сында Олимпиадасыз қалмады. Ерлер арасындағы су спорты турнирінде, сондай-ақ ерлер арасындағы командалық садақ ату жарысында спортшыларымыз бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы