Тур де Франс: Алексей Луценко үздік бестікке енді

Алексей Луценко үздіктің бестіктің қатарына қосылды. Францияда «Тур де Франс» жарысы жалғасып жатыр.

Кезекті бесінші кезеңде жекелей сындар өткен болатын. Спортшылар Шанже және Лаваль елді мекендері арасындағы 27 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде словениялық Тадей Погачар жеңімпаз атанды. Ал «Астана» сапындағы Алексей Луценко 10-көрсеткішке ие болды. Соның арқасында жалпы есептегі жағдайын жақсартып, 11-сатыдан 5-сатыға көтерілді. Қазақстандық клбу сапындағы басқа шабандоздар, яғни Омар Фраиле 24, Уго Уль 34, ал Стефан Де Бод 45-сатыларға тұрақтады. Айта кететйік, биылғы веложарыс 21 кезеңнен тұрады. Осы аралықта қатысушылар 3400 шақырымды жүріп өтуі керек.

Алексей Луценко, жарысқа қатысушы:

- Мен үшін бұл кезеңнің маңызы зор. Өйткені жалпы есептегі нәтижені өзгертуге болады. Жарыс алдында осындай мақсат қойып, дайындық жүргізген едім. Барлығы ойымдағыдай аяқталғанына қуаныштымын. Қазір айтулы аламанның алғашқы аптасы ғана өтіп жатыр. Енді қалған уақытта да осы нәтижені сақтап, мүмкіндігінше жақсарта беру керек.