Месси еркін агент атанды

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси еркін агент атанды, деп хабарлады Prosports.kz.

Оның «Барселонамен» еңбек келісімі 1 шілдеде аяқталды. 

Келісімшартты ұзарту туралы әлі хабарланған жоқ. Бүгіннен бастап аргентиналық футболшы кез келген клубқа тегін ауыса алады. 

Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді.