Өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр

Байрақты бәсекені Павлодар қабылдады. Оған барлық аймақтан 15 команда келді. Яғни бас-аяғы 200-ден аса аса спортшы 4 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. 

Ішкі біріншілік төрт бағыт бойынша өтеді. Ол шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жаю және эстафета. Нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, жеңімпаздар  халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы республикалық аламан осымен 14-мәрте ұйымдастырылып отыр.

Жасұлан Жұмашев, Павлодар облысы ТЖД бастығы:

- Жеңіл атлетика болсын, спорттық гимнастика болсын, содан кейін мына басқа да былай айтқанда мына біздің өрт-сөндіру және құтқару саласындағы қызметтің ішінде қандай әдістеріміз бар, соның барлығын соған салған. Жұмыс атқаруына бірінші психология жағынан келіп отыр. Екінші мораль жағынан да келіп отыр. Үшіншіден, өздерінің мына денесінің күші бар ғой.

Сондай-ақ...